$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің солтүстігінде күн райы салқындайды

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің солтүстігінде күн райы салқындайды

«Қазгидромет» РМК 18-20 тамызға арналған ауа райы болжамын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктердің хабарлауынша, жақын күндері республиканың батыс, солтүстік, шығыс облыстарына атмосфералық фронталь бөліктер әсер етіп, жаңбыр жауады. 19-20 тамызда облыстың шығысында нөсер жауып, бұршақ түсуі мүмкін, ал республиканың қалған бөлігінде метеожағдай сипаты өзгермейді, жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің солтүстік жартысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

«Қазгидромет» хабарламасына сәйкес, батыста ауа температурасы түнде +18...+26 градустан +12...+23 градусқа дейін, күндіз +30...+38 градустан +27...+35 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте түнде +13...+20 градустан 10...+17 градусқа дейін, күндіз +28...+33 градустан +22...+28 градусқа дейін, республиканың оңтүстік-шығысында +12...+18 градустан 8..+15 градусқа дейін, күндіз +25...+30 градустан +18+23 градусқа дейін, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында ауа температурасы түнде +2...+10, күндіз +13...+18 градус, оңтүстікте +23 градус болады.

Серіктес жаңалықтары