Жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады

Azattyq Rýhy

Бұл туралы Павлодар облысы тұрғындарымен кездесу барысында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді

Жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады
фото: lj-editors.livejournal.com

2023 жылдан бастап жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоғары марапатқа 18-29 жас аралығындағы авторлар ие бола алады.

Министр жас әдебиетшілерді қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар туралы айтып берді.

«Біз «Жаңа қазақ әдебиеті» атты жаңа жобаны қолға алдық, оның аясында дарынды жас авторлардың кітаптары 3 мың дана таралыммен басып шығарылады. Бұл жұмыс жас ұрпақтың жаңаша ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі, олардың шығармашылық көңіл-күйі мен жаңа идеяларын қолдайды. Одан бөлек, жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын «Айбоз» тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Осылайша біз әдебиетімізге жаңа туындылардың қосылуына ықпал етіп, қаламагерлер мен баспагерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін қалыптастырамыз», - деді Дәурен Абаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.