Берлинде электр энергиясын үнемдеу үшін ескерткіштер жарықтан ажыратылды

Автор: Azattyq Rýhy

Шілденің соңында Германия астанасындағы көрікті 6 орынның жарығы алғашқы болып өшірілген

фото: aa.com.tr

Берлин билігі электр энергиясын үнемдеу мақсатында 200 ғимараттың жарығын өшіруге шешім қабылдады. Бұл туралы Azattyq Ruhy euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік опера театры мен Берлин ратушасында әзірге жарық бар, алайда алдағы күні оларды да қараңғылық басады.

Берлин электротехникалық компаниясының қызметкерлері 1 ай ішінде 1400 прожекторды жарықтан ажыратады.