Маймыл шешегі әлемнің 94 елінде тіркелді
ДДҰ деректері бойынша маймыл шешегінің таралуы жөніндегі әлемдегі жағдай туралы жедел ақпарат жарияланды

Маймыл шешегі әлемнің 94 елінде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгінгі таңда әлемнің 94 елінде 35 507 жағдай тіркелген.
Аталған індет ең көп таралған ел – АҚШ, мұнда 11 177 адамнан анықталды. Испания – 5719, Германия – 3102, Ұлыбритания – 3017, Бразилия – 2754, Франция – 2659 адам ауырған.
10 адам маймыл шешегінен көз жұмды, Испанияда 2, Бразилияда 2, Перуде 1, Ганана 1, Эквадорда 1, Үндістанда 1, Панамада 1 және Оңтүстік Кореяда 1 адам маймыл шешегінен қайтыс болды.
«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында маймыл шешегі ауруына күдікті жағдай тіркелген жоқ. Аталған инфекция тіркелген Африка және басқа елдерден келген азаматтарға ерекше назар аударылады», - деп көрсетті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.