$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысындағы жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Көмір сұрыптау кезінде белгісіз зат жарылып, бір адам мерт болған

Ақмола облысындағы жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
фото: polisia.kz

Тайтөбеде жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды,  деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 14 тамызда Целиноград ауданы Тайтөбе ауылында орын алды. Ауыл тұрғынының ауласында көмірді сұрыптау кезінде жарылыс болып, үй иесі қаза тапқан. Сонымен қатар 2 адам жарақат алып, ауруханаға түсті.  

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, механикалық зақымдалмаған газ баллонды тауып, тәркіледі. Аталған факті ҚР ҚК 292-бабының 2-бөлігі (Өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу аясында полиция қызметкерлері жарылыстың көзі мен техникалық себебін анықтауға мүмкіндік беретін сот-жарылыс техникалық сараптамасын тағайындады.

Серіктес жаңалықтары