Елорданың орталығындағы көпір жөндеуге жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

5-қыркүйекке дейін көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

фото: www.gov.kz

«Арқар» көпірінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы 15 тамызда басталады. Осыған байланысты көліктерге арналған жол жабық болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Мәңгілік Ел даңғылы – Сарайшық көшесі мен Р.Қошқарбаев даңғылының қиылысындағы көлік айрығы учаскесіндегі «Арқар» (М1) көпірінің жол төсемін орташа жөндеу жұмысы басталғанын хабарлады.

«Осыған байланысты, 15-24 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Р. Қошқарбаев даңғылына дейінгі «Арқар» көпірін (М1) және 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында «Арқар» көпірін (М1) жабу жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.