$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Вагонсервис» АҚ Алматы филиалының басшысы 2 айға қамауға алынды

Лауазымды тұлға алаяқтық жолмен қомақты қаржы ұрлады деген күдікпен ұсталды

«Вагонсервис» АҚ Алматы филиалының басшысы 2 айға қамауға алынды
фото: inbusiness.k

«Вагонсервис» АҚ Алматы филиалының басшысы кәсіпкерлік субъектілерінен 200 млн. теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы көлік прокуратурасының үйлестіруімен, «Вагонсервис»АҚ Алматы филиалының басшысын ұстады.

«Тергеу барысында көрсетілген ұйымның басшысы жабдықтау бөлімінің бастығымен алдын ала сөз байласып, бірқатар кәсіпкерлерді адастырып, олардан «Вагонсервис» АҚ-ға («Самұрық-Қазына» АҚ-ның 100% қатысу үлесі) тиесілі есептен шығарылған вагондарды  жеткізгені үшін қомақты ақша сомасын алғаны анықталды. Кәсіпкерлерге келтірілген залалдың жалпы сомасы бүгінгі күні 200 млн.теңгеден асты», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

«Вагонсервис» АҚ филиалының басшысына қатысты сот 2 айға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#алаяқтық