БҚО-да Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 200 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

БҚО-да Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Марат Есенов екі айға қамауға алынды. Іс мамандандырылған тергеу сотына жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Марат Есенов қызметкерді жоғары лауазымға тағайындау үшін 200 мың теңге пара алды және оған қамқорлық жасамақ болды деген күдікке ілінді», - деп жазылған хабарламада.

Құқық бұзушылық жағдайын ескерген судья лауазымды қызметте болған М.Есенов бостандықта болса, куәгерлерге қысым көрсетуі мүмкін екенін назарға алған. 

«Ол объективті тергеу жұмыстарына кедергі келтірмес үшін осындай қатаң шара қабылданды», - деп жазылған хабарламада.