Үйдің есігі абайызда бекітіліп қалған
Пәтерде жалғыз қамалып қалған екі жасар баланың атасы құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел кезекшілік басқармасының пультіне хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына барған құтқарушылар Шығыс шағынауданындағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтер есігінің бекітіліп қалғанын анықтады. Шымкенттің төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнайы құрал-саймандардың көмегімен есікті ашқан.
Құтқарушылардың айтуынша, балаға ешқандай қауіп төнбеген. Баланың жағдайы жақсы.