13.08.2022, 17:38
Жаңалықтар
Мәдениет қызметкерлеріне арналған UMAI сыйлығы тағайындалды
Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды
фото: kaznovosti.kz
Қазақстанда мәдениет қызметкерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдауға бағытталған UMAI сыйлығы тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды.
Сыйлық театр өнері, музыка өнері, хореография өнері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және 19 аталымды қамтиды.
Әр номинацияның жеңімпазы 2 млн теңге және «Үздік музыкалық-драмалық спектакль» және «Үздік балет спектаклі» номинацияларының жеңімпаздары 10 млн теңге алады.
Министр жақын арада министрлік тарапынан бұл туралы толық ақпарат ұсынылатынын атап өтті.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды