Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді

Azattyq Rýhy

Күдікті бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған

Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
фото: kz.otyrar.kz

Түркістан полицейлері такси жүргізушісінен 10 келіден астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге есірткі заттарын тасымалдауы мүмкін деген күдікті жүргізушіні ұстады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Түлкібас ауданы аумағындағы «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» тас жолында «Ауди С4» маркалы автокөлікті тоқтатты.Тінту кезінде автокөлік салонынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар салмағы 10 келіден асатын 1 қап пен 1 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде оның  кептірілген марихуана екені анықталды.

«Күдікті бұрын сотты болған, жеке тасымалымен айналысатын жүргізуші, Жамбыл облысының тұрғыны», - деп көрсетті Түркістан облыстық Полиция департаменті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.