12.08.2022, 21:46
Жаңалықтар
Шамалғанда автобус басып кеткен 1 жасар сәби көз жұмды
Жантүршігерлік оқиға бүгін Қарасай ауданы Шамалған ауылында орын алды
фото: Polisia.kz
Алматы облысында шағын автобус басып кеткен 1 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Микроавтобусты балаларды балабақшаларға тасымалдаумен айналысатын 69 жастағы ер адам басқарған.
Анасы 1 жасар сәбиімен бірге үлкен ұлын балабақшаға шығарып салу үшін далаға шыққан. Жүргізуші шағын автобусқа тым жақын тұрған сәбиді байқамай, абайсызда басып кеткен.
Қазіргі таңда Қарасай ауданының полиция бөлімінде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды