12.08.2022, 11:37
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев елордада жаңа мешіттің ашылуына қатысады
Жаңа мешіттің сыйымдылығы 30 мың адамға есептелген
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астанада жаңа мешіттің ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісінде жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан астанасындағы Бас мешіттің ашылу салтанатына қатысады», - деп жазды Айдос Үкібай.

Айта кетейік, Қабанбай батыр даңғылы мен Мәңгілік Ел арасында орналасқан мешіттің сыйымдылығы 30 мың адамға есептелген. Бұл – еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
01.07.2026, 11:33
Университет түлегі мен профессордың диплом табыстау сәтіндегі биі жұртты тәнті етті (ВИДЕО)