$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада ұрланып, жұмысқа жегілдім деген жасөспірімге қатысты полиция түсініктеме берді

Жасөспірімге ауылдық жер ұнамағандықтан, ол бұл туралы әлеуметтік желілерге жазған

Елордада ұрланып, жұмысқа жегілдім деген жасөспірімге қатысты полиция түсініктеме берді
Фото ашық дереккөзден

Елордада 16 жастағы жасөспірімнің ұрланып, жұмысқа жегілгені туралы дерекке қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«НеМолчиKZ» қоғамдық қорына 16 жастағы жасөспірім өзін елордадан күштеп алып кетіп, ауылда жұмыс істеуге мәжбүрлегені туралы хабарлама жолдаған. Жағдайға қатысты полиция департаменті тексеру жүргізді, жасөспірім қазір Нұр-Сұлтан қаласында, өз үйінде аман-есен екенін мәлім етті.

«16 жастағы баладан алаңдаушылық туғызған хабарлама түсті. Ол өзін Нұр-Сұлтан қаласынан ұрлап алып кетіп, ауылға апарып, күш қолдана отырып, жұмысқа мәжбүрлегенін мәлімдеді», - деп жазды «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі.

Дина Таңсәрі бұл хабарламаны тексеруді сұрап, Ішкі істер министрлігінің «WhatsApp» мессенджеріне өтініш жіберген. Хабарламада бала өзінің мекенжайы мен аты-жөнін көрсетпеген. Тек фотосуретін жолдаған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары жасөспіріммен байланысқа шыққан.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында елордалық жасөспірімді ауылда жұмыс істеуге мәжбүрлегені туралы жарияланым анықталды. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың қазір Нұр-Сұлтан қаласында өз үйінде және оның аман-есен екенін білді. Мән-жайды тексеру барысында хабарлама таратқан баланың анасы жазғы демалыста ұлын Шығыс Қазақстан облысындағы ауылға туыстарына жібергенін түсіндірген. Жасөспірімге ол жер ұнамағандықтан, ол бұл туралы әлеуметтік желілерге жазған. Баланың анасы арыз-шағым түсіруден бас тартты», - деп түсініктеме берді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары