$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Асхат Аймағамбетов қай облыстарда білім сапасы нашар екенін айтты

Министр ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасы мәселесі өте өткір екенін атап өтті

Асхат Аймағамбетов қай облыстарда білім сапасы нашар екенін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Ауылдық және шағын жинақты мектептердегі оқушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық тамыз конференциясында Білім министрі Асхат Аймағамбетов өңірлер арасындағы білім сапасының айырмашылығы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министр ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасы мәселесі өте өткір екенін атап өтті.

«Бірақ іс жүзінде қала мен ауыл мектептерінің арасында үлкен айырмашылық жоқ, бізді аймақтар арасындағы білім сапасының айырмашылығы көбірек алаңдатады. Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мектептерінің орташа балы Түркістан облысындағы қалалық мектептердің орташа балынан жоғары, Қызылорда облысындағы қалалық мектептердің орташа балынан артық. Сондықтан бұл мәселені кеңінен қарау керек», - деді ол.

Асхат Аймағамбетов ауыл мектептері мұғалімдерінің жалақысына 25 пайыз үстемақы қосылатынын және мұғалімдердің жетіспейтініне тоқталды.

«Бірінші – мұғалімдердің, нақты пән бойынша сабақ беретін мықты мұғалімдердің жетіспеушілігі басты проблема болып отыр. Екінші – интернеттің барлық мектепте толыққанды болмауы. Үшінші – материалық-техникалық база. Дегенмен, ең бастысы – педагог. Мұғалім – мектептің жүрегі. Сондықтан, мұғалім жетіспеушілігі болса, онда басқа мәселелерді шешу өте қиын», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары