Еуропа мен Азия ресейлік газ үшін күресуі мүмкін – WSJ

Azattyq Rýhy

ЕО елдері үшін жағдай қыс жақындаған сайын нашарлай түседі.

Еуропа мен Азия ресейлік газ үшін күресуі мүмкін – WSJ
Фото ашық дереккөзден

Алдағы айларда Еуропа Азиямен Ресейдің сұйытылған табиғи газы үшін күресуге мәжбүр болуы мүмкін, деп жазады Wall Street Journal.

Басылым авторларының пікірінше, Еуроодақ елдері үшін жағдай қыс жақындаған сайын нашарлай түседі.

"Тіпті ресейлік сұйылтылған  газ жеткізілімдерімен де іркілістер басталуы мүмкін. Коронавирусқа байланысты локдауннан кейінгі Қытайдағы экономикалық өрлеу немесе Азиядағы суық қыс Еуропамен сұйылтылған газ экспорты үшін күресуге себеп болады, бұл бағаның одан әрі өсуіне әкеледі", - делінген мақалада.

Басылым еуропалықтардың өмір сүру деңгейінің нашарлауы олардың Украинаны қолдауға төзімділігіне әсер етуі және ЕО елдерінде Батыс коалициясын бұзатын үкіметтер билікке келуі мүмкін деп санайды.

"Энергоресурстар бағасының өсуі еуропалық экономикаға әсер етеді және қоғамдық толқуларға әкелетін қиындықтар туғызады, сондай-ақ адамдар бос әмияндарымен дауыс бере бастайды", - деп жазды WSJ басылымы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.