Бұл жолы Тайвань аралына Литва делегациясы ат басын бұрды
Гаосюн қаласындағы Фо Гуан Сан монастырының аумағында республиканың көлік және коммуникациялар министрінің орынбасары Агне Вайчюкявичюте бастаған Литва делегациясы Тайваньға сапармен келді. Бұл туралы аралдың Сыртқы істер министрлігі мәлімет таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Тайвань Агне Вайчюкявичута мен оның делегациясын шын жүректен қарсы алады! Литва көлік және коммуникация министрінің орынбасарына бес күндік нәтижелі сапар тілейміз, оның мақсаты стратегиялық ынтымақтастық пен алдыңғы қатарлы салалардағы іскерлік байланыстарды нығайту болып табылады", – делінген СІМ хабарламасында.
Аралдың орталық ақпарат агенттігі (CNA) бұған дейін сапар аясында литвалықтар, атап айтқанда, көлік министрлігінің өкілдерімен кездесіп, электр автобустарын шығаратын кәсіпорынға баратынын хабарлады.
Айта кетейік, Тайвань Балтық Республикасында ресми өкілдігін ашқаннан кейін Литва мен Қытайдың қарым-қатынасы нашарлады. Осыған байланысты Қытай СІМ Литваға наразылық білдірді. Кейінірек Пекин Вильнюспен дипломатиялық қарым-қатынас деңгейін біржақты төмендетті.