$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау тұрғындарының жылжымайтын мүлікке қарызы 385 млн теңгеге жеткен

Жылжымайтын мүлік және жер салығын 1 қазанға дейін төлеуі қажет

Атырау тұрғындарының жылжымайтын мүлікке қарызы 385 млн теңгеге жеткен
Фото ашық дереккөзден

Атырау тұрғындарының жылжымайтын мүлікке қарызы 385 млн теңгеге жеткен. Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, жылжымайтын мүлік және жер салығын 1 қазанға дейін төлеуі қажет.

 «Қазір екінші деңгейдегі банктер жеке тұлғаларға SMS және PUSH-хабарламалар бойынша мүліктің алдағы салық төлемдері бойынша ақпарат жіберді. 2021 жылға арналған салықты екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады. Есептелген салық сомасы салық төлеушілердің дербес шотындағы артық төлемді ескере отырып көрсетіледі. Салық берешегін e-SalyqAzamat мобильді қосымшасынан да тексеруге болады. Өйткені, е-SalyqAzamat қосымшасындағы «Электрондық сервистер» бөлімінде «ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі» бөлімшесі бар. Онда ЖСН бойынша мүлік салығы бойынша алдағы төлемдер туралы мәліметтер көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер департаменті аймақ тұрғындарын 1 қазанды күтпей-ақ салық төлеуге шақырып отыр.

 «Биылғы 1 тамыздағы мәліметке сәйкес облыс тұрғындарының мүлік салығы 385,1 млн теңгеге жеткен. Борышкерлер қатарында 22,8 мың адам бар. Олардың басым бөлігі – 17,5 мың адам Атырау қаласында тұратын тұрғындары екенін белгілі болып отыр. Шаһар тұрғындарының берешек сомасы 309,2 млн теңгені құрайды», -деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары