06.08.2022, 09:33
Жаңалықтар
Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионы атанды
Ол финалда өзбекстандық Муроджон Юлдошевтен айласын асырды
Фото ашық дереккөзден
Данияр Шамшаев дзюдодан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елордада өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық Данияр Шамшаев 73 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда өзбекстандық Муроджон Юлдошевтен айласын асырды. Белдесу өте жылдам аяқталды. Данияр қарсыласының әлсіз тұсын байқап, «иппонға» қол жеткізді. Нәтижесінде белдесу уақытынан ерте тоқтатылды.
Айта кетейік, құрлықтық дода 7 тамыз күні аяқталады. Аталған додаға Азияның 19 елінен келген 200-ден астам балуан 14 салмақта бақ сынап жатыр. Оның ішінде 18 балуан Қазақстанның намысын қорғауда.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды