$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытай Пелоси мен оның жақын туыстарына қарсы санкция салады

Оған Пелосидің Тайваньға жасаған сапары себеп

Қытай Пелоси мен оның жақын туыстарына қарсы санкция салады
Фото ашық дереккөзден

Қытай АҚШ Кәсіпкерлер палатасының спикері Нэнси Пелоси мен оның жақын туыстарына қатысты санкция енгізбек. Оған Пелосидің Тайваньға жасаған сапары себеп болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

РиаНовости порталының жазуынша, Пелосиге санкция салынатыны туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігі ресми түрде мәлімдеген. Бейжің Пелосидің Тайваньға жасаған сапары бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндірді деп отыр. Сонымен бірге, осы сапары арқылы Пелоси «бір Қытай» қағидаты бойынша «ауыр соққы» жасады деп бағаланды.

"Пелоси Тайваньға Қытайдың алаңдаушылығы мен наразылықтарына қарамастан келді, Қытайдың ішкі саясатына қатаң араласуды жүзеге асырды, Қытайдың мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығына айтарлықтай зиян келтірді. ҚХР-ның тиісті заңнамасының негізінде қытай тарапы арандатушылық әрекеттерінен кейін Пелоси мен оның жақын туыстарына санкциялар салуға шешім қабылдады ", – делінген ҚХР СІМ мәлімдемесінде.

Серіктес жаңалықтары