Аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған Меркі тұрғыны қамауға алынды
Күдікті 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған Меркі ауылының тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы мақсаттағы жасақпен бірлесіп, «Қарасора-2022» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
Соның нәтижесінде 35 жастағы Меркі ауылының тұрғынын ұстады. Тінту кезінде одан 8 келі 190 гр марихуана «канабис өсімдігі» есірткі заты табылған.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады, қазір Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 296-бабының 4 - бөлігі бойынша «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтауға қатысты 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады», - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Д.Қойтөриев.