06.08.2022, 04:58
Жаңалықтар
«Мен қайдан білейін?» Желіде Григорьев ауылдық округі әкімінің видеосы тарады
Ауыл әкімі журналиске сұрақ қойғызбай, ұрсып тастады
фото: видеодан скрин
Желіде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Григорьев ауылдық округінің әкімі Майра Жәкімсалованың журналистің сұрағына ашуланып жауап берген видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ауылдық округ әкімі журналистің 500 гектар жер тапшылығы бар екені қалай анықталды деген сұрағына «Мен қайдан білемін? Шамамен айтып жатырмын. Сұрақ қоймаңыз, мен жауап беремін. Өзім бірінші рет интервью беріп тұрсам», - деп ашуланады.
Желі қолданушыларының бірі әкімнің қазақ тілінде сөйлемегенін сынаса, енді бірі «Әкімдері нервный ма, ерке ме біртүрлі екен», «Ұят екен, әкімдікке лайықты болу керек ғой», - деген сияқты жазба қалдырған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды