$ 497.89  525.12  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ағзасын ауыстырған пациенттер арасында жарыс өтеді

Осыдан он жыл бұрын, 2012 жылғы 8 тамызда Қазақстанда өлімнен кейінгі донордан ағзаларды ауыстыру бойынша алғашқы операция жасалды

Ағзасын ауыстырған пациенттер арасында жарыс өтеді
фото: www.gov.kz

Нұр-Сұлтанда Жәнібек Оспановқа жасалған алғашқы жүрек трансплантациясының 10 жылдығына арналған ағзасын ауыстырған пациенттер арасында республикалық спорттық жарыс өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен ағзаларды трансплантациялаудан өткен немесе диализде жүріп, құтқару операциясын күтіп жүрген 150-ден астам адам қатысады.

«Жарысқа қатысушылардың әрқайсысының артында донорлық органды трансплантациялау нәтижесінде пайда болған қиындықтар мен жаңа өмірге деген қуаныштың ерекше оқиғалары тұр. Біздің қоғамдық ұйым осы жарыстарды Қазақстанда органдарды трансплантациялау проблемасына қоғамның назарын аудару үшін ұйымдастырады, бұл шара елде донорлықты дамытудың және трансплантациялауды күтіп отырған мыңдаған ауыр науқастарды құтқарудың маңыздылығы туралы ойлануға шақырады», - дейді спорттық форумның ұйымдастырушысы және қатысушысы, «Өмір тынысы» трансплантацияланған науқастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнібек Оспанов.

Республикалық жарыстар әртүрлі жас санаттарында спорттың бес түрі - жүзу, үстел теннисі, боулинг, волейбол, дартс бойынша өтеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда, бүгінде 3 мыңнан астам қазақстандық ағзаларды ауыстыру үшін кезекте тұр. Олардың 90,5% -  бүйрек, 4,7%, - бауыр, 4,2%, - жүрек, 0,5%-өкпе, 0,1%- ы өкпе-жүрек кешенін қажет етеді.  

Серіктес жаңалықтары