$ 497.89  525.12  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елорда тұрғыны қалыңмалды қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді

Жастар ажырасып кеткен соң құдаларына сыйлаған бағалы заттарды қайтарып алмақшы болған

Елорда тұрғыны қалыңмалды қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді
фото. toibiznes.kz

Елорда тұрғыны «Сырға салу» кезінде қалыңдық жаққа берілген қалың мал мен тон, зергерлік жиынтықтар, костюмдер мен тағы да басқа бұйымдарды бұрынғы құдасынан қайтарып алу үшін сотқа арызданған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сотта анықталғандай, жастар некеде тұрған, алайда 2021 жылдың сәуірінде олар ажырасып кеткен.

«Сот шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды. Сот қалыңдық үшін қалың мал түріндегі ақшалай сома мен басқа да заттар сыйлық ретінде берілді және оларды жауапкерден талап етуге негіз жоқ деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, бұл заттарды тек жауапкер ғана емес, қалыңдық жақтан басқа да адамдар сыйға алған», - деп көрсетті қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сот шешімін өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық сот күйеу мен қалыңдықтың ата-аналарының арасындағы сыйлықтармен өзара алмасу бойынша тиісті рәсімдер қазақтың ұлттық дәстүрлеріне сәйкес жүргізілгенін атап өтті.

«Рәсімдік іс-шаралар кезінде берілген мүлікті және заттарды қайтару талабы заңнамада көзделмеген, тиісінше орын алған жағдай бойынша тараптар арасында қандай да бір міндеттемелер туындаған жоқ», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қалың мал