Оралда егде жастағы әйелден құрамында есірткі заты бар препараттар тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол тыйым салынған препараттарды рецептсіз сатумен айналысқан

фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы бойынша Полиция департаменті қызметкерлері «Қарасора» іс-шарасы барысында Орал қаласының тұрғынынан құрамында есірткі заты бар препараттарды тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Полиция департаменті тыйым салынған таблеткаларды рецептсіз сатқан Жақсығұлов көшесіндегі 61 жастағы К. есімді азаматша өз пәтерінде ұсталды.

Онда санкцияланған тінту жүргізу барысында трамадолдың 1270 таблеткасы, 10 мл 89 трапикамид құтысы және 5 мл 68 сауыт тәркіленді. Сондай-ақ, 10 мл 86 медакс құтысы алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер: