$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екі банктен 5,2 млн теңге рәсімдеген: Ақмола облысының тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды

Ол тек 3 күннен кейін ғана алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген

Екі банктен 5,2 млн теңге рәсімдеген: Ақмола облысының тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды

Телефон алаяқтары ақмолалық тұрғынды 5 миллион теңгеге алдап кетті. Жалған қызметкерлердің нұсқауларын орындап, ол екі банктен онлайн несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтықтың кезекті фактісі 4 тамызда Целиноград ауданында тіркелді. Аудандық полиция бөліміне алаяқтық туралы өтінішпен елді мекендердің бірінің 36 жастағы тұрғыны жүгінді. Жәбірленушінің айғақтарынан көрінгендей, ол интернет-алаяқтар қолданатын ең көп таралған схемаға тап болған.

1 тамызда белгісіз біреулер өтініш берушінің телефонына қоңырау шалып, өздерін екінші деңгейлі банктердің бірінің қауіпсіздік қызметінің маманы деп таныстырып, қазіргі уақытта оның атынан несие алуға өтініш түскенін хабарлаған. Үрейі ұшқан әйел алаяқтармен сөйлесіп тұрғанын түсінбеген, ал олар өз кезегінде оны ұялы телефонына қосымшаны жүктеу арқылы заңсыз әрекеттерді тоқтатуға болатындығына сендірген. Желілік алаяқтардың нұсқауларын орындай отырып, ауыл тұрғыны қажетті қосымшаларды орнатып, кейін екі банкте жалпы сомасы 5,2 млн теңгеден астам несие рәсімдеген.

Ақша бірден алаяқтардың шотына аударылған. Тек 3 күннен кейін әйел алдаудың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге кірісті.

Серіктес жаңалықтары