Дональд Трамп АҚШ тарихындағы импичмент жарияланған үшінші президент
Ақ үй басшысы сотталмайды және биліктен шеттетілмейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
Сенаторлар Дональд Трампты қызметін асыра пайдалану және Конгресс жұмысына кедергі келтіру баптарының екеуінде де кінәсіз деп таныды. Осымен импичмент процесі аяқталды.
Трампты биліктен алып тастау үшін сенаторлардың үштен екісінің дауысы қажет болған. Дегенмен, сенатта Республика партиясының өкілдері көп болғандықтан, оған импичмент жарияланбайтыны анық еді.
Айта кету керек, 2019 жылы желтоқсан айында Өкілдер палатасы демократтар дауысымен АҚШ президентіне импичмент жариялаған еді.