Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар саны 15,5 мыңға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Індет жұқтырғандардың 99,1%-ы ер адамдар

фото: egemen.kz

Аурулардың алдын алу және бақылау еуропалық орталығының деректеріне қарағанда, маймыл шешегі әлемнің 32 елінде таралды. Аталған індетті жұқтырғандар саны 15 624 жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлемде екі адамның маймыл шешегінен көз жұмғаны тіркелді. 15 624 адамның сынамасы зертханалық талдау нәтижесінде оң болып шықты.

Орталық мамандарының айтуынша, науқастардың 99,1%-ы ер адамдар, 31-40 жас аралығындағы азаматтардың үлесі 41% -ға тең.