Теміртауда баланың үстіне темір қоршау құлаған. Мердігер компания 6 миллион теңге өтемақы төлейді
Сонымен қатар баланың еміне жұмсалған және қорғаушыға шығындалған қаржыны өтеуге міндеттелді
Теміртау қаласында «Таңшолпан» балабақшасының темір қоршауы 13 жастағы жасөспірімнің үстіне құлап кеткен. Жұмысына салғырт қараған компания материалдық-моралдық шығындарды өтеугі міндеттелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Көптеген жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.
«Патриот» телеграм-каналының хабарлауынша, бастапқыда мердігер компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда «Рақымшылық жасау туралы» Заңға сәйкес сот шешімімен фирма директоры қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Зардап шеккен баланың анасы азаматтық сотқа арызданып, материалдық-моральдық шығындарды өтеуін талап еткен.
Сот үкімімен «Сантехмонтаж» ЖШС өкілі зардап шеккен бала мен оның анасына 6 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар баланың еміне жұмсалған және қорғаушыға шығындалған қаржы толық өтеледі.