Лифттің ішінде екі адам болған
Елордада Алматы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде лифт құлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға кеше сағат 10:45 шамасында Дина көшесінде орналасқан 31 үйде болған.
Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, лифт үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлаған. Құтқарушылар келгенге дейін зардап шеккен екі адам өз бетінше лифттен шықты. Оларды дәрігерлер тексерді, жағдайлары қалыпты.