6-8 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде күн жылынады
Синоптиктер 2020 жылдың 6-8 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
«Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындармен Қазақстанға Қара теңіздік циклон ығысып, жаңбыр, мұзды жаңбыр, жылбысқы қар, бұрқасынмен күшті оңтүстік-батыс желін және жылуды алып келеді. Тек түнде ғана емес, күндіз де ауа температурасы минус 6 - плюс 5 градус болжанады. Мұндай жоғары температура мен жауын-шашынға байланысты ауа райының өте қауіпті құбылыстарына көктайғақ пен тұман қосылды», - делінген хабарламада.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста оңтүстік циклонмен сондай-ақ жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар күтіледі, ауа температурасы плюс 5-10 градусқа дейін, қиыр оңтүстікте плюс 12-18 градусқа дейін жоғарылайды.
Қазақстанның бүкіл аймақтарында алдағы үш тәуліктерде ауа температурасы климаттық нормадан 8-16 градусқа жоғары сақталады.