Ол жарты млн теңге тұратын алтын бұйымдарын ұрлаған
Теміртауда қонаққа келген әйел үй иесін тонап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Теміртау қаласының тұрғыны Шығыс полиция бөліміне хабарласып, үйіне келген қонақтардың бірі алтын бұйымдарын ұрлап кеткеніне шағымданған.
«Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 35 жасар азаматшаны ұстады. Күдікті қылмысын мойындады және одан айғақ заттар тәркіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», - деп көрсетті Теміртау қалалық полиция бөлімінен.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.