$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңбырдан кейін елорда көшелерін су басты

Су соруға 50-ден астам техника жұмылдырылған

Жаңбырдан кейін елорда көшелерін су басты
видеодан скриншот

Жаңбырдан кейін елорда көшелерін су басты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бас қаланың су басқан көшелері мен көлкіген суды кешіп жүрген адамдар көрсетілген видеолар әлеуметтік желіде жарияланды.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, су соруға 50-ден астам техника жұмылдырылған. Нөсер кәрізі мен тазарту құрылысын салу және қуатын кеңейту бойынша жұмыстарды қала әкімдігі жүйелі түрде жүргізуде.

«Мысалы, бұрын 146 проблемалық учаске нөсер салу есебінен су басу мәселесі шешілді. Сонымен қатар, 130 км-ден астам нөсер кәрізі мен арық-науа жүйесі салынды, 1 мыңға жуық бақылау, жаңбыр қабылдағыш құдығы, сондай-ақ 20 км коллектор тазартылса, 6,5 мың құбыр буландырылды», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Алматы ауданында (Ш.Қалдаяқов көшесі), жаңа вокзал, Ұлы Дала даңғылында және т.б. нөсер кәрізінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жаңбыр #елорда