Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру бағдарламасы іске қосылады

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған бағдарламаға 40 млрд. теңге бөлінеді

фото: agroinfo.kz

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мәліметінше ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске асыруға 40 млрд. теңге бөлінеді. Оның 30 млрд теңгесін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Жасыл Даму» АҚ қаражатынан және 10 млрд теңгесін «ҚазАгроҚаржы» АҚ капитал нарығынан тартады.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер «ҚазАгроҚаржы» АҚ барлық филиалдарында 5 тамыздан бастап қабылданады.  

Лизинг беру мерзімі 10 жылға дейін, ал жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6%.  Бір лизинг алушыға бекітілген шама 205 миллион теңгеден аспауы керек және үш техника ала алады.

Ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің тізіміне «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «Қостанай трактор зауыты» ЖШС, «Қазақстан Агро инновациялық корпорациясы» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, «Kazrost Engineering Ltd.» ЖК, «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС, «KazKioti» ЖШС, «МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС кіреді.

Бағдарлама 20 жылға есептелген.