Оралда әткеншекке мінген жасөспірім екі саусағынан айырылды
Оқушы құлап қалмау үшін әткеншекті ұстай алғанда саусағын кесіп алған

Оралда әткеншекке мінген жасөспірім екі саусағынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.
«2009 жылғы бала Х.Доспанова көшесі 69-үй ауласындағы балалар алаңында орнатылған тренажерда ойнап жүріп, жарақат алған. Салдарынан қолының екі саусағын кесіп кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 306-бабы 2-бөлігіне (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады БҚО полиция департаментінен.
Жарақат алған баланың анасы бұл жағдайға әткеншектің істен шығуы себеп болды деп санайды.
«Мен полицияға арыз жаздым, олар тіпті қабылдағысы келмеді. Неге әлі күнге дейін бұл тренажёрді алып тастамады? Тағы бір баланың зардап шеккенін күтіп жүр ме?», - дейді Қарлығаш Кудряшова.