$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл жаңа оқу жылында Шымкентте жаңа 24 мектеп пайдалануға беріледі

Барлығы 34 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр

Биыл жаңа оқу жылында Шымкентте жаңа 24 мектеп пайдалануға беріледі
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда мектеп тапшылығын жою мақсатында 2025 жылға дейін жаңадан 1000 мектеп салынуы тиіс. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы және бұл тапсырма AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында айқын көрсетілген.

Аталған мектептердің жүзі, яғни оннан бірі Шымкентте салынуы тиіс. Өйткені, үшінші мегаполис халық санының өсу қарқыны бойынша республикада алғашқы орында, тиісінше мектеп жетіспеушілігі де қаладағы өзекті мәселелердің бірі.

Ал, биыл шаһарда жаңа 24 мектеп пайдалануға беріледі. Оқу орындары жаңа оқу жылында толықтай дайын болады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов ОҚК-де өткен брифинг кезінде айтты.

«Тапсырмаға сәйкес Шымкент қаласында өткен жылы 25 мектеп пайдалануға берілсе, 2022 жылы 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында 11 703 орындықты 24 мектеп пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке дейін, ыңғайластырылған мектеп саны 4-ден 3-ке дейін азаяды. 2023 жылы қалада үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі», - деді М.Әйтенов. 

Сонымен бірге, Шымкентте 500 орынға шақталған оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде. Нысан қаланың жаңа ауданында орналасқан.

Серіктес жаңалықтары