$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Шоттан ақша ұрлаған біздің қызметкерлер емес, біз жәбірленушіміз» – Қазпошта

Компания кейбір БАҚ-та таралған ақпаратқа қатысты жауап берді

«Шоттан ақша ұрлаған біздің қызметкерлер емес, біз жәбірленушіміз»  –  Қазпошта
фото: kstnews.kz

«Қазпошта» АҚ компания шотынан ақша ұрлануға қатысты бірқатар БАҚ-та жарияланған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты «Қазпошта» АҚ-нан аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деп танылған азаматтарды 6 жылдан 6,6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл қылмыс 2020 жылы жасалған.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, осы алаяқтықтың салдарынан 294 миллион теңгеден астам залал келтірілген. Оның ішінде «Қазпошта» АҚ қызметкерлері қабылдаған шаралар арқасында қолды болған қаражаттың бір бөлігі – 72,3 млн теңге серіктестікке қайтарылды. 

«Осы ақпарат арқылы сотталғандардың Қазпошта қызметкерлері болып табылмайтынын және ешқашан болмағанын атап өткіміз келеді. Қазпошта –бұл қылмыстық істер бойынша жәбірленуші тарап. Материалдық шығын сомасын өндіріп алу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу аясында шешіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша, «Қазпошта» АҚ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді қорғауды күшейту бойынша тиісті шаралар қабылдады», - деп мәлімдеді «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Қазпошта