Ақсуда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
Өңірде шомылу маусымы басталғалы бері су айдындарында алты адам қаза тапты
Қайғылы хабарды әлеуметтік желіде «VITA» іздеушілер желісі жариялады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Сәрсенбай Хуанган 25 шілде күні Әуезов көшесі, 31 көшесінен жағалауға қарай шыққан және сол күйі хабарсыз кеткен.
«Марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Ер адамның денесі кездейсоқ табылды, ГРЭС кенті маңында Ертіс өзенінің бетіне қалқып шықты. Соңына дейін ол тірі деп үміттендік. Оның тірі екені жайлы ақпарат болған», - деп жазылған хабарламада.
Еріктілер хабарсыз кеткен адамды Ақсу мен Павлодардан іздеген.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде шомылу маусымы басталғалы бері су айдындарында алты адам қаза тапты, оның ішінде біреуі - бала. Ал өткен жылдың ұқсас кезеңінде 14 адам суда ажал құшқан, оның ішінде екеуі - бала. Облыс аумағында 42 жағажай бар, оның 24-і – коммуналдық, 18-і – жекеменшік.