Жамбыл облысында ҰҚК Шекара қызметінің офицері қайтыс болды
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр
Жамбыл облысында ҰҚК Шекара қызметінің офицері қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екен анықталды.
«27 шілдеде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екен анықталды», - делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, қажетті көмек көрсету шараларын қабылдап жатыр.