$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада заманауи үлгідегі электр станциясы салынады

Станция құрылысын түрік компаниясы жүргізетін болды

Қызылордада заманауи үлгідегі электр станциясы салынады
Фото ашық дереккөзден

Қызылордалықтар үшін электр энергиясы өзекті мәселелердің қатарында. Бұған дейін де аймақтағы электр желілерінің тозығы жеткендігі, қолайсыз ауа райының салдарынан жарықсыз қалу жағдайлары тіркелген болатын. Осы мәселені назарына алған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев заманауи үлгідегі электр станциясын салуды тапсырды деп хабарлайды облыс әкімдіктің баспасөз қызметі.

Осы мақсатта, энергетика министрлігімен бірлескен жұмыстар жасалды. Нәтижесінде жуырда құны 215 млрд теңгені құрайтын жаңа электр станциясының құрылысы басталмақ.

Инфрақұрылымдық нысан құрылысын аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша түрік компаниясы «Акса Энерджи Уретим Аноним Ширкети» акционерлік қоғамы жүргізеді. Мердігер мекеме бу-газ қондырғысын жыл аяғында бастап, 2025 жылы ел игілігіне пайдалануға береді деген жоспар бар. Қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа нысан энергия жетіспеушілігін едәуір төмендетеді.

Серіктес жаңалықтары