$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы тұрғыны пәтеріне бөтен адамдардың сырттай тіркеліп алғанын анықтады

Тұрғынның айтуынша, мекенжайға 8 адам тұрақты негізде тіркелген

Алматы тұрғыны пәтеріне бөтен адамдардың сырттай тіркеліп алғанын анықтады
zakon.kz

Алматы қаласының тұрғыны пәтеріне сырттай тіркеліп алған бөтен адамдарды анықтады. Таң-тамаша ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz сайтына сілтеме жасап..

Алматылық тұрғын өз жазбасын Facebook-тегі «Дежурный по городу Алматы» жалпыға бірдей топта жариялады.

«25 шілдеде электронды үкімет порталындағы өз кабинетіме кіріп, үйімде танымайтын сегіз адамның тұрақты негізде тіркелгенін көріп, таң-тамаша болдым! Адамды тіркеу үшін меншік иесі ХҚКО-ға өз аяғымен келіп немесе ЭЦК арқылы өзінің келісімін растауы қажет емес пе?.. Бұл қалай болғаны, сонда менің құзіретімсіз біреулер бейтаныс адамдарды сырттай тіркеп қойғаны ма? Неліктен мен өз уақытымды сарп етіп, өзім жасамаған әрекеттерді ақ тер, көк тер болып анықтауым керек», - деп жазды Алматы тұрғыны желіде.

«Осы мәселе бойынша барлық ақпаратты анықтау және пәтерге бейтаныс адамдарды кім тіркегенін анықтау үшін азаматтар ҚР ІІМ-ге ресми арыз тапсыруы керек. Сондай-ақ мұны порталдағы электронды өтініштер сервисінің көмегімен өтініш беру арқылы жасауға болады: eGov және eGov mobile қосымшасындағы E-Otinish. Бұл сервистер түрлі құқық бұзушылықтар бойынша мән-жайларды анықтау үшін азаматтардан уәкілетті органдарға өтініштер қабылдайды», - деп хабарлады "ҰАТ" АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы.

Сонымен қатар, ҰАТ басқармасындағылар атап өткендей, "заңды пәтер иелері eGov арқылы "тіркеуден шығару" қызметін пайдалана отырып, адамдарды өз бетімен пәтеріндегі тіркеуден шығара алады.

«Осындай жағдайлардан өзіңізді қорғау үшін ЭЦК-кілттеріңізді үшінші тұлғаларға бермеуге кеңес береміз және eGov порталындағы жеке кабинетіңізге аракідік кіріп, деректеріңізді тексеріп отырған дұрыс болады», - деді "ҰАТ" АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы.

Жазба астына қалдырылған пікірлердің бірінде Алматы тұрғыны өзінің пәтерінен бөтен адамдарды шығарып жібергенін де жеткізді.

Серіктес жаңалықтары