Жыл басынан бері ел аумағында 3 мыңнан астам рұқсат етілмеген орынға қоқыс тасталған
Рұқсат етілмеген жерде қоқыстардың пайда болуымен күрес жалғасуда
Жыл басынан бері ел аумағынан рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын 3 411 орын анықталды. Оның 1 243-і жойылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Рұқсат етілмеген жерде қоқыстардың пайда болуымен күрес жалғасып жатыр. Жыл басынан бері «Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыштық мониторингі арқылы рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын 3 411 орын анықтылды. Оның ішінде 1 243-і жойылды», - делінген министрлік ақпаратында.
Министрліктің мәліметінше, заңсыз тасталатын қоқыспен күресте Қарағанды, Қызылорда облысы және Шымкент қаласы белсенді. Ал, ШҚО, Маңғыстау, Атырау және Жамбыл облысында төмен жұмыс нәтижесі байқалады.
«Жалпы, республика бойынша қоқысты рұқсат етілмеген жерде тастау деңгейі - 36%. Бұл бағыттағы жұмыс жандандырылады», - дейді ведомстводан.