Қазақстандықтар газға 7 млрд теңгеден астам қарыз

Автор: Azattyq Rýhy

Берешектің дені Шығыс Қазақстанда

Фото ашық дереккөзден

Қазақстандықтар газға 7 млрд теңгеден астам қарыз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Берешектің дені Шығыс Қазақстанда. Өңір тұрғындарының қарызы жалпы борыштың 89 процентін құрап отыр. Екінші орында Түркістан тұр. Үштікті Шымкент түйіндейді. Мамандардың айтуынша, қарыздың көптігі газ тарату ісіне кері әсерін тигізеді. Коммуналдық қызметтер қысқа дайындықты 15 қыркүйекке дейін аяқтауы тиіс.

Осы орайда «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі қарызды қазір төлеуге шақырып отыр.

Тегтер: