«Қазпоштадан» 294 млн теңгені қолды еткендер сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот үкімі заңды күшіне енді

Фото ашық дереккөзден

«Қазпошта» АҚ-дан алаяқтық жолмен 294 млн теңгеден асатын қаржыны қолды еткендер сотталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соты мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «27 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ұрлық пен алаяқтық үшін сотталғандардың жазалау үкімін өзгеріссіз қалдырды. Тек олардың автокөлігіне қойылған арест күшін жойды. Себебі, айыптылардың автомобильдерді қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынғаны туралы дәлел жоқ. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 сотының шешімімен Б, Ж, Д және Л 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар «Қазпошта» АҚ-дан 294 млн теңгеден асатын аса ірі көлемде қаржы ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген соттың хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енді.