$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары 10 жылға сотталды

Ол 100 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп танылды

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары 10 жылға сотталды
Фото ашық дереккөзден

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Б.Тілегенов қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, Б.Тілегенов ЖШС басшыларына тиесілі 100 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ, Тілегенов ЖШС басшыларын прокуратураның, мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінің лауазымды тұлғалары арқылы мәселені шешемін деп, ЖШС-ға қатысты экологиялық заңнаманы бұзушылықтар туралы істі тоқтату және мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын кері қайтару үшін пара беруге итермеледі.

Серіктес жаңалықтары