27.07.2022, 17:59
Жаңалықтар
Алматыда орман белдеуінен қару-жарақ табылды
Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді
Фото: Polisia.kz
Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы криминалдық полициясының мәліметінше, ҮАК бойындағы орман белдеуінен қару-жарақ арсеналы табылды.
Атап айтқанда, мәселе, кесілген қос ұңғылы шолақ мылтық, магазині бар газ тапаншасы, магазині жоқ BLOW F92 тапаншасы, 4 граната, әртүрлі калибрлі 39 патрон, радиостанция жайында болып отыр.
Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.
Қару-жарақтың, сондай-ақ оқ-дәрілердің шығу тегі мен шынайы тиесілігі одан әрі жүргізілетін жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықталатын болады.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
