$ 494.84  537.4  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында жыл басынан бері 8 адам суға кетті

Оның ішінде бір бала бар

Павлодар облысында жыл басынан бері 8 адам суға кетті
Фото: pavlodarnews.kz

Өңірде шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында алты адам қаза тапты, оның ішінде біреуі – бала. Бұл туралы Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 14 адам суда ажал құшқан, оның ішінде екеуі – бала.

«Жыл басынан бері аймақта сегіз адам суға кетті, оның ішінде бір бала бар. Өткен жылы шомылуға тыйым салынған орындарда 16 адам суға кеткен, оның  төртеуі – бала. Суда ажал құшқандардың 90%-ы тыйым салынған және жабдықталмаған, қауіпті, зерттелмеген учаскелерде суға түскен. Мұндай қайғылы оқиғалар көбінесе Ертіс өзенінде жиі болады», - деді Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының майоры Теміржан Танжанов.

Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жағдай айтарлықтай жақсарған. Биыл тұрғындар арасында судағы қаупсіздік мәселесіне жауапкершіліктің артқаны байқалады.  

Айта кетейік, облыс аумағында 42 жағажай бар, оның ішінде 24-і  коммуналдық және 18-і жеке.

Серіктес жаңалықтары