Павлодарда тұмылдырығы жоқ ит жасөспірімді қауып алды

Автор: Azattyq Rýhy

Ит иесі жауапкершілікке тартылды

Фото ашық дереккөзден

Павлодарда тұмылдырығы жоқ ит жасөспірімді қауып алды. 13 жастағы жасөспірім медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше,  бұл жайт туралы полицияға қоңырау шалып тұрғындар хабарласқан.  

«Жетекші ауылында көшеде қарғыбауы мен мен тұмылдырығы жоқ ит 13 жастағы жасөспірімді қауіп алған. Тәртіп сақшылары иттің 36 жастағы иесін анықтап,  ҚР ӘҚБтК 407-2-бабы бойынша жауапкершілікке тартты», - делінген хабарламада.

Тағы бір жағдайда Павлодар қаласында Алматы көшесі бойында баланы өз иті қауып алған, ол да медициналық көмек үшін ауруханаға жеткізілген.