$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейліктердің жылуға қарызы 700 млн теңгеге жуықтаған

100 млн теңгеге жуық қарыз болған заңды тұлғалар бар

Семейліктердің жылуға қарызы 700 млн теңгеге жуықтаған
Фото ашық дереккөзден

Семейліктердің жылуға қарызы 700 миллион теңгеге жуықтаған. Қарызын өтей алмай отырғандардың арасында бюджеттік мекемелер де көп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Олар жылу үшін 340 млн теңге берешек болып шықты. 181 млн теңге қарыз болған кәсіпорын да анықталған. Ондайлар жылудан ажыратылды. Ал тұрғындардың қарызы 180 миллион теңге. Төлемді кешіктіріп отырған борышкерлердің пәтерлері біртіндеп жылудан ажыратылып жатыр. Олар қарызды толық өтемейінше, қайта қосылмайды.

 «Халық ішінде қарызды өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 100 миллион теңгеге жуық берешегі бар заңды тұлғалар бар. Бұл – жеке кәсіпкерлер мен акционерлік ұйымдар. Бізде 14 өте проблемалы борышкерлер бар. Мәселен «Семей машина зауыты» АҚ 20 миллион теңге қарыз», - деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.

Серіктес жаңалықтары