$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Жасақ қызметкерлері жасөспірімді батқан жерінен тапты

Қызылордада 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Фото ашық дереккөзден

Қызылорданың қалалық жағажайында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, оқиға 25 шілдеде сағат 16:24 шамасында болған. Қалалық жағажайда суға түсіп жүрген жасөспірім суға батып кеткен.

«Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түсті. Онда жағажайда суға жүзіп жүрген баланың суға кеткені анықталды. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 1 техника мен 6 құтқарушы барды. Жасақ қызметкерлері жасөспірімді батқан жерінен тапты. Баланың қаладағы мектептің бірінде тоғызыншы сынып бітіргені анықталды», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Айта кетсек, биыл Қызылорда облысында 23 адам суға кетіп қаза болды. Оның 8-і бала.

Серіктес жаңалықтары